Жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін энергия беруші ұйымдар электр желілерін күрделі жөндеудің бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына тұрақты бақылау жүргізеді.
Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2022-2023 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін жалпы ұзындығы 25 346 км электр беру желілерін, соның ішінде: 500 кВ ӘЖ – 884,698 км, 220кВ ӘЖ– 2356,19 км; 110кВ ӘЖ – 3851,61 км; 35 кВ ӘЖ – 4767,86 км; 6-10кВ ӘЖ – 7525,49 км; 0,4кВ ӘЖ – 5171,69 км; 6-10кВ КЖ – 262,84 км; 0,4кВ КЖ – 88,44 км, сондай-ақ 564 дана қосалқы станцияны, 3507 дана ТП,ҚТС, КҚТС жөндеу жоспарланған.
2023 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша 6774,95 км электр беру желілері жөнделді, ол жылдық жоспарға 27%-ды құрайды, сонымен қатар 254 қосалқы станция жөнделді, ол жылдық жоспарға 33%-ды құрайды.