Республиканың электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі пресс - релиз

Республиканың электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі  пресс - релиз

Жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін энергия беруші ұйымдар электр желілерін күрделі жөндеудің бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына тұрақты бақылау жүргізеді.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2022-2023 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін, жалпы ұзындығы 25 346 км электр беру желілерін, соның ішінде: 500 кВ ӘЖ – 884,698 км, 220кВ ӘЖ– 2356,19 км; 110кВ ӘЖ – 3851,61 км; 35 кВ ӘЖ – 4767,86  км; 6-10кВ ӘЖ – 7525,49 км; 0,4кВ ӘЖ – 5171,69 км; 6-10кВ КЖ – 262,84 км; 0,4кВ КЖ – 88,44 км, сондай-ақ– 564 дана қосалқы станцияны; 3507 дана –ТП,ҚТС, КҚТС жөндеу жоспарланған.

2023 жылғы 5 маусымдадағы жағдайға 1396,48 км электр беру желілері жөнделді, ол жылдық жоспарға 6%-ды, сондай-ақ: 57 қосалқы станция,  ол жылдық жоспарға 10%-ды құрайды.