Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің осы рейтингтегі индикаторларды жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында:

- техникалық шарттарды беру, жобалық шешімдерді келісу және электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының орындалуына, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігіне ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;

- ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің елдегі кәсіпкерлік қызметті, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға және «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бөлігінде Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дегі позициясын жақсартуға бағытталған шаралар туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) тұрақты негізде құқықтық түсіндіру жұмыстарының іс-шараларын орындау, тұтынушыларды қосу туралы ақпарат беру және тұтынушылардың электрмен жабдықтау сапасына қанағаттанушылығына сауалнама жүргізу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Астана қаласы бойынша департамент 2023 жылғы 15 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Алматы қаласы бойынша департамент 2023 жылғы 31 наурызда Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіне сұхбат берді.

Шымкент қаласы бойынша департамент 2023 жылғы 24 наурызда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС ресми сайтына сұхбат берді.

Ақмола облысы бойынша департамент 2023 жылғы 30 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Ақтөбе облысы бойынша департамент 2023 жылғы 15 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Алматы облысы бойынша департамент 2023 жылғы 31 наурызда «Zamandas газеті» газетінде сұхбат берді.

Атырау облысы бойынша департамент 2023 жылғы 27 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент 2023 жылғы 14 наурызда «Flash» газетінде сұхбат берді.

Жамбыл облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 27 наурызда «Магнолия» газетінде мақала жариялады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 13 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Қарағанды облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 31 наурызда «КАЭК» ЖШС ресми сайтына сұхбат берді.

Қостанай облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 3 наурызда Бейімбет Майлин ауданының әкімдігінің ресми сайтына мақала орналастырды.

Қызылорда облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 15 наурызда Сыр бойы» газетіне мақала жариялады.

Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 31 наурызда Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіне сұхбат берді.

Павлодар облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 15 наурызда Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіне мақала жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 17 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Түркістан облысы бойынша департамент 2023 жылғы 31 наурызда «Қайсар» газетінде сұхбат берді.

Абай облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 27 наурызда «Семей таңы» газетінде мақала жариялады.

Жетісу облысы бойынша департамент 2023 жылғы 31 наурызда «Нұрлы Көксу» газетінде сұхбат берді.

Ұлытау облысы бойынша департаменті 2023 жылдың 3 наурызында «Қазақмыс» ЖШС ресми сайтына сұхбат берді.