«Ядролық криминалистикаға енгізу жөніндегі ұлттық курс» тақырыбындағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің оқу курсы

«Ядролық криминалистикаға енгізу жөніндегі ұлттық курс» тақырыбындағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің оқу курсы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (бұдан әрі – АЭХА) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК-мен (бұдан әрі – «ЯФИ» РМК) бірлесіп ағымдағы жылғы 27-31 наурыз аралығында Ядролық криминалистикаға енгізу жөніндегі ұлттық курсын өткізді.

Курс «ЯФИ» РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында, Алматы қаласында өткізілді.

Курстың мақсаты физикалық ядролық қауіпсіздікке байланысты оқиғалардың алдын алу және оларға жауап беру тұрғысынан ядролық криминалистиканың мүмкіндіктері туралы хабардарлықты арттыру болды.

Аталған іс-шараға қатысуға ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау саласындағы мәселелермен айналысатын ұйымдардың мамандары шақырылды, атап айтқанда:

  1. Комитет;
  2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК;
  3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ЖШҚ РМК;
  4. «ҮМЗ» АҚ;
  5. «МАЭК» ЖШС;
  6. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.

Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға жоғарыда көрсетілген семинардан өткенін растайтын халықаралық үлгідегі сертификат берілді.