Республиканың электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі пресс-релиз

Республиканың электр желілерін күрделі жөндеу  жөніндегі пресс-релиз

Жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін энергия беруші ұйымдар электр желілерін күрделі жөндеудің бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына тұрақты бақылау жүргізеді.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2022-2023 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін, жалпы ұзындығы 25 346,91 км электр беру желілерін, соның ішінде: 500 кВ ӘЖ – 884,59 км, 220кВ ӘЖ – 2356,19 км, 110кВ ӘЖ – 3851,61 км, 35 кВ ӘЖ – 4767,86 км, 6-10кВ ӘЖ – 6050,93 км, 0,4кВ ӘЖ – 5073,01 км, 6-10кВ КЖ – 262,84 км, 0,4кВ КЖ – 88,76 км, сондай-ақ– 564 қосалқы станция, 3507 дана ТП,ҚТС, КҚТС жөндеу жоспарланған.

Жөндеу жұмыстары 2023 жылдың сәуірінен басталады.