«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» тақырыбындағы оқу курсы

«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» тақырыбындағы оқу курсы

Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту агенттігі мен Қазақстандағы «Юрс Федерал Сервисез Интернэшнл, Инк» компаниясы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен (бұдан әрі – Комитет) бірлесіп ағымдағы жылғы 13-17 ақпан аралығында «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында оқу курсын өткізді.

Бұл курс ақпараттық қауіпсіздік негіздері туралы негізгі білімді қажет ететін жаңадан қабылданған немесе аз тәжірибесі бар ядролық қондырғылардың мамандарына арналған.

Аталған іс-шараға қатысуға мемлекеттік органдардың мамандары мен ядролық физикалық және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мәселелермен айналысатын ұйымдардың мамандары шақырылды, атап айтқанда:

  1. Комитет;
  2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК;
  3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ЖШҚ РМК;
  4. «ҮМЗ» АҚ;
  5. «МАЭК» ЖШС.

Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға жоғарыда көрсетілген семинардан өткенін растайтын халықаралық үлгідегі сертификат берілді.