Республикалық энергетика және радиациялық қорғау қызметінің «Көктем-2023» РКШОЖ қатысуы

Республикалық энергетика және радиациялық қорғау қызметінің «Көктем-2023» РКШОЖ қатысуы

Азаматтық қорғаудың облыстық аумақтық және объектілік мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын 2023 жылғы 2 – 3 наурыз аралығында «2023 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем - 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде. Оқу-жаттығуларға басшылық ету жөніндегі республикалық штаб Қарағанды облысының Қарағанды қаласында орналасқан, оған ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі-Комитет) қызметкерлері қатысуда.

         Оқу-жаттығудың тақырыбы: «2023 жылғы су тасқыны кезеңінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын (бұдан әрі-МЖБО) күштері мен құралдарын ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау».

Оқу-жаттығуды дайындау және өткізу барысында:

1) МЖБО аумақтық және салалық кіші жүйелерінің жұмыс істеу режимін көктемгі кезең ТЖ қаупі төнген және туындаған кезде мақсаты бойынша міндеттерді орындауға жоғары дайындық режиміне көшіру;

2) көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға қабылданатын шаралардың тиімділігін және МЖБО деңгейін арттыру;

3) көктемгі кезеңдегі ТЖ алдын алуға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін барлық жерде өткізуді ұйымдастыру;

4) ТЖ алдын алу және жою кезінде бағынысты Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдары мен өзара іс-қимылының үйлесімділігін жетілдіру;

5) құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығын, МЖБО барлық деңгейлерінде жедел кезекшілікті ұйымдастыруды, болжамды және диспетчерлік қызметтердің жұмысын, мониторинг жүргізуді, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтердің қорларын құруды тексеру;

6) су тасқыны жағдайының дамуын болжауды ескере отырып, аумақтың қауіпсіздік паспорттарын, ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын, эвакуациялық іс-шараларды және өзара іс-қимылды нақтылауды және түзетуді жүргізу;

7) ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, су тасқынына қарсы және эвакуациялық комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының жедел штабтарының жұмысын ұйымдастыру;

8) су тасқыны және су тасқыны жағдайында халықты түсіндіру жұмыстарын және іс-қимылдарға оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда.