Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің осы рейтингтегі индикаторларды жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында:

- техникалық шарттарды беру, жобалық шешімдерді келісу және электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының орындалуына, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігіне ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;

- ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің елдегі кәсіпкерлік қызметті, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға және «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бөлігінде Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дегі позициясын жақсартуға бағытталған шаралар туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) тұрақты негізде құқықтық түсіндіру жұмыстарының іс-шараларын орындау, тұтынушыларды қосу туралы ақпарат беру және тұтынушылардың электрмен жабдықтау сапасына қанағаттанушылығына сауалнама жүргізу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Астана қаласы бойынша департамент 2023 жылғы 29 қаңтарда Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіне мақала жариялады.

Алматы қаласы бойынша департамент 2023 жылғы 16 қаңтарда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Шымкент қаласы бойынша департамент 2023 жылғы 25 қаңтарда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС сайтына сұхбат берді.

Ақмола облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 18 қаңтарда Ақмола облысы әкімдігінің сайтында мақала орналастырды.

Ақтөбе облысы бойынша департамент 2023 жылғы 6 қаңтарда «Ақтөбе хабаршысы» газетінде сұхбат берді.

Алматы облысы бойынша департамент 2023 жылғы 31 қаңтарда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Атырау облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 20 қаңтарда «Каспий маңы коммунасы» газетінде мақала жариялады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент 2023 жылғы 27 қаңтарда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Жамбыл облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 26 қаңтарда «Магнолия» газетінде сұхбат берді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент 2023 жылғы 30 қаңтарда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Қарағанды облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 18 қаңтарда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Қостанай облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 13 қаңтарда Меңдіқара ауданы әкімдігінің ресми сайтына сұхбат берді.

Қызылорда облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 30 қаңтарда Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіне мақала жариялады.

Маңғыстау облысы бойынша департамент 2023 жылғы 27 қаңтарда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Павлодар облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 31 қаңтарда Железин ауданы әкімдігінің ресми сайтына сұхбат берді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 13 қаңтарда «Солтүстік жұлдыз» газетіне мақала жариялады.

Түркістан облысы бойынша департамент 2023 жылғы 27 қаңтарда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Абай облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 1 ақпанда «ARNA Press» газетінде сұхбат берді.

Жетісу облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 1 ақпанда «Jetisy» газетінде мақала жариялады.

Ұлытау облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 31 қаңтарда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.