2022-2023 жж. жылыту маусымының өтуі жөніндегі селекторлық кеңес

2022-2023 жж. жылыту маусымының өтуі жөніндегі селекторлық кеңес

ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде селекторлық кеңес өтті, онда 2022-2023 жж. жылыту маусымының өтуінің ағымдағы мәселелері талқыланды.

Кеңеске Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК», «ҚазТрансГаз Аймақ», облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ энергия кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар электр станциялары мен желілердің жұмысы, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары, сондай-ақ өңірлердегі отын қоры мәселелерін талқылады.

         Кеңес қорытындысы бойынша электр станцияларында отынның нормативтік қорын сақтау, жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтау қажеттігі атап өтілді.