Алматыда жаңа «Каскад» қосалқы станциясы пайдалануға берілді

Алматыда жаңа «Каскад» қосалқы станциясы пайдалануға берілді

Алматы қаласында ҚС-110/35/35/10 №5А «Каскад» қосалқы станциясы пайдалануға берілді.

Жобаның мердігері «Электрокабель» ЖШС болды. Қосалқы станция жабық типті.

Жоба қаланың энергетикалық қауіпсіздігін және қалалық энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыруға, оның ішінде Алматы қаласында электр энергиясының тапшылығын шешуге бағытталған.

110/35/10кВ №5А «Каскад» жоғары кернеулі қосалқы станциясы электр энергиясын қабылдауға және таратуға арналған, сондай-ақ қаланы сыртқы электрмен жабдықтаудың қажетті өткізу қабілеті мен сенімділігін қамтамасыз етеді. Станцияда заманауи технологиялар қолданылды.

Қосалқы станция «Ерменсай» № 160А қосалқы станциясынан №189а, 190а КЖ-110кВ кабельдік желісі бойынша қуаттандырылған.

Қосалқы станцияда қуаттылығы 40000 кВА ТДТН-40000/110У1 болатын Қазақстанда жасалған екі Т-1 және Т-2 трансформаторлары орнатылған. Өндіруші зауыт – «Alageum Electric».

Сондай-ақ станцияда қуаттылығы 110кВ жиынтық тарату құрылғысы (бұдан әрі – ЖТҚ) ЭОТТҚ-110кВ, 1,2 с ZF 10-145 типті ЖҚТ қолданылды. Өндіруші зауыт – қытайлық «Shandong Taikai electric Group Co.,Ltd».

Сондай-ақ жиынтық тарату құрылғысы сияқты ЖТҚ-10кВ 1 және 2 секциялардың жабдықтар. Қазақстанда жасалған (сығымдалған слюда конденсаторы) ССК түрі-2-10 ВВ-АЕ-12 және ЖТҚ-35кВ 1 және 2 секция ажыратқышы және ВВ-АЕ түрі-40,5-1250-31,5 У3 ажыратқышы. Өндіруші зауыт –«Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС.