РАҚ-ты түгендеу жөніндегі есепті уақытында жөнелту туралы хабарлама

РАҚ-ты түгендеу жөніндегі есепті уақытында жөнелту туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) бекітілген Радиоактивтi қалдықтарды жəне пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды жəне көмудi ұйымдастыру қағидаларының 4-тармағы 1) тармақшасы сəйкес радиоактивті қалдықтармен (бұдан әрі – РАҚ) жұмыс істейтін ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейінгі жағдай бойынша РАҚ түгендеу актісі жəне РАҚ паспорттары негізінде жасалатын РАҚ-ты түгендеу жөніндегі есепті бұйрықтың қосымшасына сəйкес нысан бойынша электрондық жəне (немесе) қағаз жеткізгіштерде атом энергиясын пайдалану саласындағы уəкілетті органға жібереді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық жəне энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – РАҚ) жоғарыда көрсетілген есепті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде, яғни 2023 жылдың 1 наурызына дейін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген мерзімдерде РАҚ-ты түгендеу жөніндегі есеп ұсынбаған жағдайда Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес əкімшілік жауапкершілікке тартуға дейін бақылау шараларын жүргізу құқығын өзіне қалдырады.