
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің осы рейтингтегі индикаторларды жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында:
- техникалық шарттарды беру, жобалық шешімдерді келісу және электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының орындалуына, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігіне ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;
- ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің елдегі кәсіпкерлік қызметті, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға және «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бөлігінде Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дегі позициясын жақсартуға бағытталған шаралар туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) тұрақты негізде құқықтық түсіндіру жұмыстарының іс-шараларын орындау, тұтынушыларды қосу туралы ақпарат беру және тұтынушылардың электрмен жабдықтау сапасына қанағаттанушылығына сауалнама жүргізу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Астана қаласы бойынша департамент 2022 жылғы 22 қыркүйекте ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Алматы қаласы бойынша департамент 2022 жылғы 15 қыркүйекте ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Шымкент қаласы бойынша департамент 2022 жылғы 30 қыркүйекте ақпараттық-талдау сайтына сұхбат берді «Oinet.kz».
Ақмола облысы бойынша департамент 2022 жылғы 23 қыркүйекте ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Ақтөбе облысы бойынша департамент 2022 жылғы 26 қыркүйекте ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Алматы облысы бойынша департамент 2022 жылғы 8 қыркүйекте «Zamandas Gazeti» газетінде сұхбат берді.
Атырау облысы бойынша департамент 2022 жылғы 16 қыркүйекте ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 20 қыркүйекте газетке сұхбат берді «Flashpress.kz».
Жамбыл облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 30 қыркүйекте instagram.com әлеуметтік желіге мақала орналастырды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 15 қыркүйекте «Екпін» газетінде мақала жариялады.
Қарағанды облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 30 қыркүйекте «Сары-Арқа әуежайы» АҚ сайтына сұхбат берді.
Қостанай облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 6 қыркүйекте Меңдіқара ауданы әкімдігінің ресми сайтына сұхбат берді.
Қызылорда облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 15 қыркүйекте «Қызылорда вести» газетінде сұхбат берді.
Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 24 қыркүйекте instagram.com әлеуметтік желіге мақала орналастырды.
Павлодар облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 22 қыркүйекте «Екібастұз дауысы» газетінде мақала жариялады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент 2022 жылғы 21 қыркүйекте ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Түркістан облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 2 қыркүйекте газетте сұхбат берді «MEDIAON.kz».