«Әрекет етудің нақты мысалдарын талдау / ден қою күштері үшін осалдықты бағалау» тақырыбындағы техникалық алмасу бойынша семинар

«Әрекет етудің нақты мысалдарын талдау / ден қою күштері үшін осалдықты бағалау» тақырыбындағы техникалық алмасу бойынша семинар

АҚШ Энергетика министрлігі Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық басқармасының (DOE/NNSA) Халықаралық ядролық қауіпсіздік басқармасы (INS) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен (бұдан әрі – Комитет) бірлесіп ядролық физикалық қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша ынтымақтастық шеңберінде 2022 жылғы 22-26 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты»
ШЖҚ РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында «Әрекет етудің нақты мысалдарын талдау / ден қою күштері үшін осалдықты бағалау» тақырыбына техникалық алмасу бойынша семинар өткізді.

Аталған семинардың мақсаты – Қазақстандағы физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастық пен тұрақты қарым-қатынастарды жолға қою, мүдделі тараптарды біріктіру, әлеуетті арттыру және физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы күшті жақтары мен ықтимал олқылықтарды анықтау болып табылады.

Осы семинарды өткізу бойынша ұйымдастыру іс-шараларын
Солтүстік-Батыс Тынық мұхит ұлттық зертханасы (PNNL) және Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы жүзеге асырды.

Аталған іс-шараға қатысуға ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдардың мамандары мен ұйымдардың мамандары шақырылды, атап айтқанда:

  1. Комитет;
  2. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы;
  3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК;
  4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физикалық институты» ШЖҚ РМК;
  5. «Үлбі металлургия зауыты» АҚ;
  6. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС;
  7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергия институты» филиалы.

Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға жоғарыда аталған оқу курсынан өткендігін растайтын халықаралық үлгідегі сертификат берілді.