Риддер қаласының жылу электр орталығының алдағы жылыту маусымына дайындық мониторингі

Риддер қаласының жылу электр орталығының алдағы жылыту маусымына дайындық мониторингі

ҚР Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы алдағы жылыту маусымына жылу орталығының дайындығын мониторингілеу мақсатында Риддер қаласына барды деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Риддер қаласында жылу энергиясының жалғыз көзі «Риддер ТЭЦ» АҚ болып табылады.Электр станциясымен өндірілген жылу энергиясы тұрғын үй-коммуналдық сектордың және «Казцинк» ЖШС  өнеркәсіптік кәсіпорындарының  жүктемесін жабады.  

        Электр станциясының басшылығы алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ электр станциялары мен жылу желілерін кеңейту  және жаңарту  жөніндегі жоспарлар туралы есеп берді.

        Электр станциясында 6 қазандық және 4 турбина орнатылған. 2022 жылы бір қазандықты күрделі жөндеу және 5 қазандық пен 4 турбина ағымдағы жөндеу жоспарланған болатын.Бүгінде 4 қазандық пен 4 турбинаның ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, 2022 жылы 1,9 км жылу желілерін ауыстыру жоспарланған, оның 800 метрі ауыстырылды.Жалпы, электр станциялары мен жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары алдағы жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарлауда.

Бұдан басқа, электр станциясында бұрын пайдалануда шығаратын қуаты 30 МВт турбоагрегатты  ауыстыру бойынша инвестициядық жоба іске асырылуда.Жобаның құны 7,890 млрд теңгені құрайды.Бұл жоба электр станциясы жұмысының сенімділігін  және тұтынушыларды жылумен жабдықтау сапасын арттырады. 

        Кәсіпорынға бару қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары, сондай-ақ алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық және тұтынушыларға жылу энергиясын шектеуге жол бермеу туралы талқыланды.