Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі – ДЭФ ЖБҚИ) рейтингінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің осы рейтингте индикаторларды жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде:

- техникалық шарттарды беру, жобалық шешімдерді келісу және электрмен жабдықтау шартын жасасу, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының орындалуына ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;

- ай сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің елдегі кәсіпкерлік қызметті жақсартуға, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасына және Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дегі «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу» индикаторы бөлігіндегі ұстанымын жақсартуға бағытталған шаралары туралы құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілуде.

Электрмен жабдықтау желілеріне қосу рәсімін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) тұрақты негізде құқықтық түсіндіру жұмысы іс-шараларын орындау, тұтынушыларды қосу туралы ақпарат беру және электрмен жабдықтау сапасына тұтынушылардың қанағаттанушылығына сауалнама жүргізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, Нұр-сұлтан қаласы бойынша Департаменті instagram.com 5 тамызда 2022 жылы instagram.com әлеуметтік желіге сұхбат беріді.

Шымкент қаласы бойынша Департаменті 2022 жылғы 25 тамызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданған шаралар бойынша кеңес өткізді.

Ақмола облысы бойынша департамент 2022 жылғы 25 тамызда «Степногорск энерготранзит» ЖШС сайтына сұхбат берді.

Алматы облысы бойынша департамент 2022 жылдың 19 тамызында «Жаркент Өңірі» газетінде мақала жариялады.

Атырау облысы бойынша департамент 2022 жылғы 11 тамызда «Прикаспийская коммуна» газетінде мақала жариялады.

Қарағанды облысы бойынша департамент 2022 жылғы 30 тамызда «Сарыарқа әуежайы» АҚ сайтына сұхбат берді.

Қостанай облысы бойынша департаментімен 2022 жылғы 3 тамызда Лисаков қаласы әкімдігінің ресми сайтына сұхбат берілді.

Қызылорда облысы бойынша департамент 2022 жылдың 17 тамызында «Сыр дидары» газетіне сұхбат берді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент 2022 жылғы
11 тамызда «Айыртау таңы» газетіне сұхбат берді.

Түркістан облысы бойынша департаментімен 2022 жылдың
10 тамызында ақпараттық-талдау сайтына мақала жарияланды «QAZWEEK.KZ».