2022-2023 жж. жылыту маусымына дайындық

2022-2023 жж. жылыту маусымына дайындық

Жалпы, алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүргізілуде.

         Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру 63 903,23 млн.кВт*сағ немесе 98,6% - ды құрады, тұтыну 64 790,45 млн. кВт*сағ немесе өткен жылдың деңгейіне 99,7% - ды құрады.

         Жүйелік оператор бекіткен электр станцияларында жөндеу кестесіне сәйкес 2022 жылы 9 энергоблокты, 60 қазанды және 42 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған.

         Бүгінде 2 энергоблокта, 11 қазандық пен 10 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Түрлі кезеңдерде 4 энергоблокта, 35 қазандық пен 18 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

         Электр желілері бойынша

         Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2022-2023 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін жалпы ұзындығы 20201,57 км электр беру желілерін жөндеу жоспарланған, оның ішінде: ӘЖ-1150 кВ – 6 км, ӘЖ-500 кВ – 26 км, ӘЖ-220кВ – 1277,52 км; ӘЖ-110 кВ – 3047,67 км; ВЛ-35кВ-3465 км; ВЛ – 6-10кВ – 6472,67 км; ВЛ-0,4 кВ-5511,65 км; КЛ – 6-10кВ – 295,31 км; КЛ – 0,4 кВ– 99,74 км, сондай-ақ қосалқы станциялар-712 дана; РП, ТП, КТП-3806 дана.

         Бүгінгі күні 5 751,22 км электр беру желілері жөнделді, бұл жыл жоспарына 28% - ды құрайды, сондай-ақ: 116 қосалқы станция, бұл жыл жоспарына 16% - ды және 921 РП, ТП, КТП, бұл жыл жоспарына 24% - ды құрайды.

         Еліміздің электр станцияларында 3,5 млн. тонна көмір және 91,5 мың тонна мазут жинақталған, бұл жалпы өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді.

         Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті алдағы 2022-2023 жж. жылыту маусымына дайындық барысын бақылауды жүзеге асырады.