«Ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениеті және ішкі тәртіп бұзушы әрекеттерінің салдарын жұмсарту» тақырыбында виртуалды техникалық алмасу бойынша Семинар

«Ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениеті және ішкі тәртіп бұзушы әрекеттерінің салдарын жұмсарту» тақырыбында виртуалды техникалық алмасу бойынша Семинар

АҚШ энергетика департаментінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік қауымдастығы және халықаралық ғылыми-техникалық орталық (бұдан әрі - ХҒТО) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетімен (бұдан әрі – Комитет) бірлесіп, ағымдағы жылғы 28-30 маусым аралығында "ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениеті және зардаптарды жұмсарту" тақырыбында виртуалды техникалық алмасу бойынша семинар өткізді (бұдан әрі-техникалық алмасу жөніндегі семинар).
Техникалық алмасу бойынша семинардың мақсаты Қазақстан Республикасындағы физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жолға қою, мүдделі тараптарды біріктіру, әлеуетті арттыру және күшті жақтар мен ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы ықтимал олқылықтарды анықтау болып табылады.
Аталған іс-шараға қатысуға ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдардың мамандары мен ұйымдардың мамандары шақырылды, атап айтқанда:
1. ҚР Ұлттық ұланы;
2. Комитет;
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК;
4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ЖШҚ РМК;
5. Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы;
6. ҚР ЭМ Атом энергиясы институты;
7. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС.;
Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға жоғарыда көрсетілген семинардан өткенін растайтын халықаралық үлгідегі сертификат берілді.