Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы Біріккен конвенцияны қарау жөніндегі Уағдаласушы Тараптардың жетінші кеңесі

Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы Біріккен конвенцияны қарау жөніндегі Уағдаласушы Тараптардың жетінші кеңесі

1997 жылы Қазақстан Республикасы «Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенцияға» қол қойды. Конвенцияны ратификациялау туралы №246-IV Заңға 2010 жылғы 3 ақпанда қол қойылды. Осылайша, Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастық алдында пайдаланылған отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өзінің ұлттық стратегиясын АЭХА ұсынымдарына сәйкес келтіру мақсатында бірқатар қадамдар жасауға міндеттеме алды.

Әрбір үш жыл сайын Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенцияның уағдаласушы тараптары пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенцияның ережелерін іске асыру мақсатында жалпыға бірдей қарау және талқылау үшін АЭХА-ға өздерінің ұлттық баяндамаларын ұсынуы қажет.

2022 жылғы 27 маусым мен 8 шілде аралығындағы кезеңде Австрия Республикасының Вена қаласында АЭХА штаб-пәтерінде Уағдаласушы тараптардың жетінші шолу отырысы  өтті, оған сондай-ақ Қазақстан Республикасының делегациясы да қатысты.

Осы отырыста Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенцияның Уағдаласушы тараптарының ұлттық баяндамалары тыңдалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өкілдері Қазақстан Республикасының Уағдаласушы тараптар қабылдаған Төртінші Ұлттық баяндамасын ұсынды.