Орталық Азия мен Әзірбайжан елдеріндегі көлік қауіпсіздігінің өңірлік виртуалды диалогы

Орталық Азия мен Әзірбайжан елдеріндегі көлік қауіпсіздігінің өңірлік виртуалды диалогы

АҚШ энергетика департаментінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік қауымдастығы және халықаралық ғылыми-техникалық орталық (бұдан әрі - ХҒТО) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетімен бірлесіп, ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 14 маусым аралығында «Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі көлік қауіпсіздігінің өңірлік виртуалды диалогы» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Аталған семинардың мақсаты ядролық және радиоактивті материалдарды тасымалдаумен байланысты қауіптер мен қатерлер туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ тасымалдау кезінде осы материалдарды қорғау бойынша өңірлік диалогқа жәрдем көрсету болып табылады.

Аталған іс-шараға қатысуға ядролық және радиоактивті материалдарды тасымалдау саласындағы мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдардың мамандары мен ұйымдардың сарапшылары шақырылды, атап айтқанда:

  1. ҚР Ішкі істер министрлігі;
  2. ҚР Энергетика министрлігі;
  3. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
  4. ҚР Ұлттық ұланы;
  5. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау ҚР энергетика Министрлігі;
  6. ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығы;
  7. ҚР ЭМ ядролық физика институты;
  8. Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы;
  9. ҚР ЭМ Атом энергиясы институты;
  10. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ ҰАК;

Онлайн-семинардың 6 аптасы бойы виртуалды диалогтың таныстырылымы мен панельдік сессияларына Орталық Азиядан 60 адамнан тұратын шақырылған спикерлер мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.

Онлайн-семинардың нәтижелері бойынша барлық қатысушылар халықаралық үлгідегі сертификат алды.