2022 жылғы 7-9 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс жағдайларында басқару орталығының базасында мүдделі органдар арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу тәсілдерін жетілдіру мақсатында оқу-әдістемелік жиындар өтті.
Оқу-жаттығу жиыны барысында республикалық азаматтық қорғау қызметтері мамандарының біліктілігін арттыруға, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі саласындағы заңнама нормаларын зерделеуге және түсіндіруге бағытталған теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.