Қазақстан Республикасының электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі пресс - релизі

Қазақстан Республикасының электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі пресс - релизі

Жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін энергия беруші ұйымдар электр желілерін күрделі жөндеудің бекітілген жоспар - кестесіне сәйкес электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына тұрақты бақылау жүргізеді.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2022-2023 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін, жалпы ұзындығы 20201,57 км электр беру желілерін жөндеу жоспарланған, соның ішінде: 1150 кВ ӘЖ – 6 км, 500 кВ ӘЖ – 26 км, 220кВ ӘЖ– 1277,52 км; 110кВ ӘЖ – 3047,67 км; 35 кВ ӘЖ – 3465 км; 6-10кВ ӘЖ – 6472,67 км км; 0,4кВ ӘЖ – 5511,65 км; 6-10кВ КЖ – 295,31  км; 0,4кВ КЖ – 99,74 км, сондай-ақ– 712 қосалқы станциялар; 3806 дана –ТП,ҚТС, КҚТС.

2022 жылғы 10 маусым күніне 1991,73 км электр беру желілері жөнделді, ол жылдық жоспардың 10 %-ы, соның ішінде: 361 дана ТП,ҚТС, КҚТС ол жылдық жоспарға 9 %.