«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС электр станцияларына бару баспасөз релизі

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС электр станцияларына бару баспасөз релизі

2022 жылғы 22 сәуірде Комитет төрағасының орынбасары Д.Ж. Алиақпаров «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (Маңғыстау облысы): Ақтау қаласындағы ЖЭС, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 Электр станцияларына барды.

Электр станцияларын аралау барысында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ғимараттары мен құрылыстарының техникалық жай-күйінің өзекті мәселелері, сондай-ақ электр станцияларын алдағы жылыту маусымына дайындау қаралды.

Жоспарлы-алдын алу жөндеулер кестесіне сәйкес 2022 жылы «МАЭК-Казатомпром» ЖШС электр станцияларында 3 қазандықты (ЖЭО-1 № 6 ст.; ЖЭО – 2 № 2, 8 ст.); 2 турбинаны (ЖЭО-2 № 1,10 ст.) күрделі жөндеу жоспарланған.;  1-энергоблок (ЖЭС № 1 ст.).

Қазіргі уақытта 21.03.22 ж. бастап 30.06.22 ж. дейін жөндеу мерзімдерімен 2-ЖЭО №8 қазандығына күрделі жөндеу жүргізілуде (орындау пайызы 35%).

Жалпы, сапар қорытындысы бойынша жоспарланған жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындау қажеттігі атап өтілді.