«Радиоактивті материалдарды тасымалдау кезіндегі физикалық қауіпсіздік» оқу курсы

«Радиоактивті материалдарды тасымалдау кезіндегі физикалық қауіпсіздік» оқу курсы

Қазақстан-Америка энергетикалық әріптестігі шеңберінде АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік ұлттық әкімшілігінің радиологиялық қауіпсіздік офисі мен ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2022 жылғы   4-7 сәуір аралығында Алматы қаласында "радиоактивті материалдарды тасымалдау кезіндегі физикалық қауіпсіздік"оқу курсын ұйымдастырды және өткізді.

Курстың мақсаты – автокөлік құралдарымен радиоактивті материалдары бар жүктерді тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың негізгі элементтерімен, радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдауды жоспарлау және қауіпсіздік жоспарын әзірлеу барысымен танысу.

Курс радиоактивті материалдарды тасымалдау кезінде физикалық қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз етуге жауапты атом саласының мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының мамандарына арналған. Оқыту шеңберінде АҚШ және Қазақстан нұсқаушылары теориялық, сондай-ақ практикалық сабақтар өткізді. АҚШ ЭМ Оак-Ридж ұлттық зертханасының америкалық нұсқаушылары курстың жұмысына ZOOM ақпараттық платформасын пайдалану арқылы онлайн режимінде қатысты.

Оқыту қорытындылары бойынша 18 қазақстандық маманға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.