25 қаңтарда ТМД – ға қатысушы мемлекеттер атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясының отырысы өтеді

25 қаңтарда ТМД – ға қатысушы мемлекеттер атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясының отырысы өтеді

2022 жылғы 25 қаңтарда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) жиырма екінші отырысы өтеді. Комиссия ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің 1997 жылғы 17 қаңтардағы шешімімен құрылды және ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы болып табылады.

Отырыс барысында бірқатар мәселелер қаралады, олардың ішінде:

ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясының 2017-2020 жылдардағы қызметі туралы;

Уран өндіру өндірістерінің әсеріне ұшыраған мемлекеттердің аумақтарын қалпына келтіру мемлекетаралық мақсатты бағдарламасының орындалу барысы туралы:

КТМ-де 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми зерттеулер бағдарламасының орындалу барысы туралы;

2018 жылғы 2 қарашадағы ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық жағдай туындаған жағдайда әзірлікті және оның салдарын жою кезінде өзара көмекті қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді имплементациялау туралы;

Радиоактивті көздердің орын ауыстыруы кезінде ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімді имплементациялау жұмыс тобының қызметі туралы;

ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің изотопты өнімдерін өндіру, пайдалану және ілгерілету саласындағы ынтымақтастық Жұмыс тобының қызметі туралы;

"Атом энергиясын пайдалану саласындағы сәйкестікті бағалау жүйесі. Бақылау нысанындағы сәйкестікті бағалау. Бірыңғай әдістер. Көзбен шолу және өлшеу бақылауы";

ТМД елдерінің атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті реттеу органдары мен оларды ғылыми-техникалық қолдауды жүзеге асыратын ұйымдардың ынтымақтастығы туралы;

Ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану бағдарламаларын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қауіпсіз іске асыру мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде ұлттық ядролық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасының жобаларын әзірлеу туралы;

Радиациялық мониторинг жүргізу кезінде ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімнің жобасы туралы.

Комиссия өз қызметінде ТМД Жарғысын, ТМД – ға қатысушы мемлекеттер жасасқан халықаралық шарттарды, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің және экономикалық кеңесінің шешімдерін басшылыққа алады.