«Doing Business» рейтингін жақсарту бойынша іс-шаралар

«Doing Business» рейтингін жақсарту бойынша іс-шаралар

Дүниежүзілік банк «Doing Business» рейтингі шеңберінде жыл сайын бизнесті жүргізу жағдайларының қолайлылығы бойынша 190 мемлекетті бағалайды. Талдау 10 индикатор бойынша жүргізіледі, оның ішінде жаңа бизнес құруға кететін уақыт пен ақша қаражаты, құрылысқа рұқсат алу, электр энергетикалық инфрақұрылымға қолжетімділік, меншік құқығын тіркеу, кредиттер алу, миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау, салық салу, халықаралық сауданы жүзеге асыру және т.б. бар.

Шағын және орта кәсіпорындар үшін бизнесті жүргізу жеңілдігі дәрежесін анықтау мақсатында Дүниежүзілік Банк Кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесін электрмен жабдықтау жүйесіне қосу және жылжымайтын мүлікті тіркеу индикаторы бойынша бағалайды.

Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен өңірлері арасында «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингінің нәтижелері бойынша Алматы қаласы электрмен жабдықтау жүйесіне қосу индикаторы бойынша көш бастап, бизнес жүргізу үшін неғұрлым қолайлы болып табылады.

Электрмен жабдықтау желілеріне қосу рәсімін оңайлату және «Doing Business» рейтингін жақсартуды насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі –Департамент) құқықтық түсіндіру жұмысы іс-шараларын орындау, тұтынушыларды қосу туралы ақпарат беру және электрмен жабдықтау сапасына тұтынушылардың қанағаттанушылығына сауалнама жүргізу бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2021 жылға арналған операциялық жоспары бойынша 4 тоқсанда БАҚ-та (теледидар, радио, газет, журнал) электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімін, электрмен жабдықтау сапасын және Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша «электрмен жабдықтау жүйесіне қосу» нысаналы индикаторы бойынша мынадай іс-шаралар орындалды.

IV тоқсанда Электрмен жабдықтаудың сенімділігі және электрмен жабдықтау желілеріне қосу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша департаменттер ай сайын электрмен жабдықтау жүйесіне қосу және электр энергиясының сапасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (дөңгелек үстелдер, мақалалар мен сұхбаттар) жүргізеді.

2021 жылдың 12 айында барлығы 204 іс-шара, оның ішінде бизнес, жергілікті атқарушы органдар, энергия кәсіпорындары мен тұтынушылар өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту жөніндегі реформалар туралы ақпараттандыру бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді. БАҚ-та жарияланымдар мен сұхбаттар берілді.