Комитет 2021 жылғы 15-17 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Шығыс қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына тексеру жүргізді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесі негізінде Шығыс қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК ірі кәсіпкерлік субъектісінің тәуекел дәрежесін бағалау негізінде Ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізді.
Ерекше тәртіп бойынша тексеру нәтижелері бойынша бақылау субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 нұсқама берілді, орындауға 2 іс-шара ұйғарылды.