Комитеттің аумақтық департаменттерінің бақылау іс-шаралары бойынша ақпарат

Комитеттің аумақтық департаменттерінің бақылау іс-шаралары бойынша ақпарат

2021 жылдың 15 желтоқсандағы жағдай бойынша Комитеттің аумақтық департаменттерімен электр энергетикасы саласында 241 жоспардан тыс тексеру және бару арқылы ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына бекітілген тізімге сәйкес 104 профилактикалық бақылау және Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабы 3-тармақтың 11-бөлімінің 5)-тармақшасына сәйкес 175 профилактикалық бақылау жүргізілді.

Жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі бойынша 119 нұсқама, орындауға 730 іс-шара ұйғарылды.

Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша 262 нұсқама, орындауға 2067 тармақ берілді.

Жыл басынан 150 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды.

Сондай-ақ, Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері өтініш берушілердің радиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру мақсатында 153 бару арқылы профилактикалық бақылау және атом энергиясын пайдалану саласында 27 жоспардан тыс тексеру жүргізді.