Тексеру барысында сұр майнингтің 13 нысаны анықталды

Тексеру барысында сұр майнингтің 13 нысаны анықталды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Аумақтық департаменттері KEGOC АҚ өтініштері негізінде 11 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша Жамбыл облысында 12 «сұр майнинг» және Павлодар облысында 1 «сұр майнинг» нысандары анықталды. Аумақтық департаменттер жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша жиынтық қуаты 128,3 МВт цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын барлық 13 объект ажыратылды.