«EnergyChess-2021» шахмат блицтурнирі

«EnergyChess-2021»  шахмат блицтурнирі

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу, энергия кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынастарды нығайту, кәсіптің оң имиджін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және шахматты көпшілікке тарату шеңберінде 2021 жылғы 27 қараша мен 11 желтоқсан аралығында «EnergyChess-2021»  шахмат блицтурнирін өткізеді.

«EnergyChess-2021» шахмат блицтурниріне шахмат қимылдары мен ережелерін білетін, компьютерге, планшет/смартфон арқылы интернетке шыға алатын электр энергетикасы саласының кез келген қызметкері қатыса алады.

Турнирге қатысу үшін energychess@mail.ru электронды поштаға өтінім беру қажет.

«EnergyChess-2021» блицтурнирін өткізу регламенті https://beta.egov.kz/memleket/entities/kaenk/documents/details/236697?lang=kk сілтеме бойынша орналасқан.