Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қою бойынша Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қою бойынша  Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

Төтенше жағдайлардың (бұдан әрі – ТЖ) алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін (бұдан әрі – АҚМЖ) одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында 2021 жылғы 11 – 12 қараша аралығында «Қыс – 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы (бұдан әрі – оқу-жаттығу) өткізілді.

«Қыс – 2021» РКШО өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің азаматтық қорғаудың радиациялық қорғау қызметі қатысты. Азаматтық қорғаудың радиациялық қорғау қызметінің негізгі мақсаты халыққа, аумақ пен объектілерге иондаушы сәулеленудің әсерін болғызбау немесе әлсірету, сондай-ақ оларды бейбіт уақытта және соғыс уақытында радиоактивті заттармен ластанудан қорғау болып табылады.

«Қыс – 2021» РКШО шеңберінде атом энергиясын пайдалану саласындағы объектілерде радиоактивті залалдану туралы басқару органдары мен халықты хабардар ету жүйесінің дайындығы, қысқы кезеңдегі табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жағдайларында халыққа радиоактивті әсерді барынша әлсірету мақсатында іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау, сондай-ақ тиісті басқару органдарымен және әскери қолбасшылық күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қолдау тексерілді.