Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, гамма-спектрометрия жүйесін тиімді пайдалану жөніндегі өңірлік семинар-практикум (DUB-GEM)

Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, гамма-спектрометрия жүйесін тиімді пайдалану жөніндегі өңірлік семинар-практикум  (DUB-GEM)

2021 жылғы 11 қазанда МАГАТЭ, Германия, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан делегациясы, Қазақстан Республикасына бұрынғы уран объектілерін зерттеу үшін пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, гамма-спектрометрия жүйесін тиімді пайдалану жөніндегі семинар-практикумға келді.

Осы жобаның үйлестірушісі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті болып табылады. 2021 жылғы 10-12 қазанда Комитет өкілінің қатысуымен МАГАТЭ, Германия, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылды, кездесу барысында алдағы аптаға арналған ұйымдастыру іс-шаралары талқыланды.

Осы семинар-практикумның мақсаты ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйесін пайдалана отырып, ауадан гамма-спектрометрияны дұрыс жүргізу үшін қатысушылардың практикалық дайындығын ұйымдастыру болып табылады.

DUB-GEM іс-шарасы, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің CGULS (Орталық Азия елдеріндегі уран мұрасы алаңдарын рекультивациялау) бағдарламасы шеңберінде, Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан Музбель алаңында 2021 жылғы 16 қазанға дейін жалғасады.