Өрт қауіпті кезеңде электр желілерінің күзет аймағының жай-күйін бақылау

Өрт қауіпті кезеңде электр желілерінің күзет аймағының жай-күйін бақылау

Өрт қауіпті кезеңде электр желілерінің күзет аймағының
жай-күйін бақылау

     Табиғи өрттерге ден қоюдың тиімді жүйесін жалпы мемлекеттік деңгейде құру мақсатында жыл сайын орман-дала алқаптарында өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені әзірленеді.

     Азаматтық қорғаудың барлық жүйесін мемлекетаралық деңгейде іске қосу, сондай-ақ орман-дала өрттерінің алдын алуға және жоюға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау үшін Төтенше жағдайлар және экология, геология және табиғи ресурстар министрлері 2021 жылғы Өрт қауіпті маусымда Қазақстан Республикасының аумағында орман және дала өрттерінің туындау тәуекелін азайту және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бірлескен бұйрықты бекітті.

     Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының
3) тармақшасына және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 19) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету бойынша алдын алу шараларын қабылдау мақсатында 2021 жылғы өрт қауіпті маусымда Қазақстан Республикасының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету жөніндегі
іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілді. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты қамтамасыз етеді.

     Осыған байланысты, электр желілерінде технологиялық бұзушылықтарды, адамдардың электр тогымен зақымдануынан болған жазатайым оқиғаларды болдырмау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың объектілерін электр энергиясымен үздіксіз және сенімді жабдықтау мақсатында энергия беруші ұйымдар мынадай іс-шараларды орындауы қажет:

     - электр желілеріне тікелей жақын өсіп келе жатқан ағаштарды кесу және жұлу;

     - электр берудің әуе желілері трассаларының бойындағы соқпақтарды ағаш-бұта өсімдіктерінен тазартуды жүргізу;

     - электр беру желілерінің бойында, орман және дала алқаптарында минералдандырылған қорғаныш жолақтарын орнатуды ұйымдастыру;

     - электр желілерінің күзетілетін аймақтарында шабындық пішен, қоқыс және жанар-жағармай материалдарын және т.б. қоймаға қоюға және сақтауға тыйым салу туралы жер пайдаланушылардың мекенжайына жазбаша ескертулер жолдау.

     Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті энергия беруші ұйымдардың жоғарыда көрсетілген іс-шараларды орындауына тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді.

     Бүгінгі күні еліміздің энергия беруші ұйымдары ағаштарды кесу және жұлуды, трассалар бойындағы соқпақтарды тазалауды, электр беру желілерінің айналасында және бойында қорғайтын минералдандырылған жолақтарды орнатуын ұйымдастырды аяқтауда.