Энергия өндіруші ұйымдарды 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау

Энергия өндіруші ұйымдарды 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау

Тұтастай алғанда, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясының және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен  қатар штаттық режимде жұмыс істейді.

2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы маусымда елдің тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтау үшін Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің 2021 жылға бекітілген кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес 8 энергия блогына, 48 энергетикалық қазанға және 49 турбинаға күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеулер жүргізу көзделген. Ағымдағы жылғы қыркүйек айының басында Кестеге сәйкес 4 энергия блогында, 16 қазанда және 19 турбинада жұмыстар аяқталды. Жөндеудің әртүрлі кезеңінде 2 энергия блогында, 26 қазанда және 17 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар негізінен Кестеге сәйкес жүргізілуде.

Электр станцияларында отын жинақтау жалғасуда. Энергия көздерінің қоймаларында көмір қоры 3,5 млн. тонна көмірді және 91 мың тонна мазутты құрайды, бұл жалпы нормаларға сәйкес келеді.

Комитет энергия кәсіпорындарының алдағы жылыту маусымына дайындық барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде.