Электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі пресс - релизі

Электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі пресс - релизі

Республиканың электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі

пресс - релизі

     Жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін энергия беруші ұйымдар электр желілерін күрделі жөндеудің бекітілген жоспар - кестесіне сәйкес электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізеді.

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы
11 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес күрделі жөндеу – жабдықтың кез келген, оған қоса негізгі бөлшектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, жөнделген бөлшектерді және тұтас жабдықты тексеру және реттеу, тозған қонструкциялары мен желі учаскелерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, немесе оларды одан беріктеу және үнемділеріне ауыстыру жолымен энергетикалық жабдықтың немесе желінің жарамдылығын және ресурстарын қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылатын жоспарлы жөндеу жұмыстары№

    Қағидалардың 24-тармағына сәйкес күрделі жөндеу мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:

1) темір бетонды және металл тіректердегі электр берушінің әуе желілері - кемінде он жылда бір рет;

2) ағаш бөліктері бар тіректердегі электр берушінің әуе желілері - кемінде бес жылда бір рет;

3) трансформаторлық шағын станциялар, тарату пунктілері және секциялаушы пунктілер - кемінде он жылда бір рет.

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына тұрақты бақылау жүргізеді.

    Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2021-2022 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін, жалпы ұзындығы 20465,6 км электр беру желілерін жөндеу жоспарланған, соның ішінде: 1150 кВ ӘЖ – 6 км, 500 кВ ӘЖ – 26 км, 220кВ ӘЖ– 744,92 км; 110кВ ӘЖ – 2817,42 км; 35 кВ ӘЖ – 4334,7 км; 6-10кВ ӘЖ – 6303,2 км км; 0,4кВ ӘЖ – 5728,96 км; 6-10кВ КЖ – 406,8 км; 0,4кВ КЖ – 100,44 км, сондай-ақ– 462 қосалқы станциялар; 4381 дана –ТП,ҚТС, КҚТС.

    2021 жылғы 30 шілде күніне 8980,4 км электр беру желілері жөнделді, ол жылдық жоспардың 44 %-ы, соның ішінде: 222 қосалқы станциялар ол жылдық жоспарға 48 % және 1695 дана ТП,ҚТС, КҚТС ол жылдық
жоспардың 39 %-ын құрайды.