«Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауға қатысты АЭХА-ның ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұсынымдары бойынша өңіраралық оқу курсы» бойынша баспасөз релизі

«Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауға қатысты АЭХА-ның  ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұсынымдары бойынша өңіраралық оқу курсы» бойынша баспасөз релизі

2021 жылғы 12-16 шілде аралығындағы кезеңде  онлайн режимде  ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің, «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»  ЖШС қызметкерлері ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауға қатысты физикалық ядролық қауіпсіздік жөніндегі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) ұсынымдары бойынша виртуалды оқу курсына қатысты. Курс Cisco Webex бұлтты платформасында өтті. Виртуалды оқу курсына 8 елден (Белоруссия, Қазақстан, Грузия,Украина, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Литва) 23 маман қатысты.

Сабақты Болгария, Қазақстан және Ресей Федерациясының сарапшылары өткізді.

Виртуалды оқу курсы кезінде ядролық физикалық қауіпсіздіктің базалық компоненттері мен сипаттамалары бойынша шолу берілді, ядролық физикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік режимінің мақсаттары мен негізгі элементтері, құзыретті органның және мемлекеттің жауапкершілігі, ядролық материалдарды тасымалдау кезінде қолданылатын рұқсатсыз алу мен диверсиядан қорғау шараларына қойылатын талаптар қарастырылды. Әр күннің қорытындысы бойынша курс қатысушылары өткен тақырыптар бойынша тест тапсырды.

Оқу курсы қатысушыларға ядролық қондырғыны диверсиядан (диверсиядан) және ядролық материалды рұқсатсыз алудан қорғауды қамтамасыз ететін физикалық қорғау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау туралы білім алуға мүмкіндік берді.