Республиканың электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі пресс - релизі

Республиканың электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі пресс - релизі

Жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін энергия беруші ұйымдар электр желілерін күрделі жөндеудің бекітілген жоспар - кестесіне сәйкес электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына тұрақты бақылау жүргізеді.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2021-2022 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін, жалпы ұзындығы 20465,6 км электр беру желілерін жөндеу жоспарланған, соның ішінде: 1150 кВ ӘЖ – 6 км, 500 кВ ӘЖ – 26 км, 220кВ ӘЖ– 744,92 км; 110кВ ӘЖ – 2817,42 км; 35 кВ ӘЖ – 4334,7 км; 6-10кВ ӘЖ – 6303,2 км км; 0,4кВ ӘЖ – 5728,96 км; 6-10кВ КЖ – 406,8 км; 0,4кВ КЖ – 100,44 км, сондай-ақ– 462 дана қосалқы станциялар; 4381 дана –ТП,ҚТС, КҚТС.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жағдай бойынша 7009,6 км электр беру желілері жөнделді, ол жылдық жоспардың 34 %-ы, соның ішінде: 176 дана қосалқы станциялар ол жылдық жоспарға 38 % және 1302 дана ТП,ҚТС, КҚТС ол жылдық жоспарға 30 %.