«Ішкі қауіпті азайту, алдын - алу және анықтау» оқу курсы бойынша баспасөз релизі

«Ішкі қауіпті азайту, алдын - алу және анықтау» оқу курсы бойынша баспасөз релизі

2021 жылғы 14-18 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті АҚШ Қорғаныс Қауіп-қатерді азайту агенттігімен «Жаһандық ядролық физикалық қауіпсіздік» бағдарламасы аясында «Ішкі қауіпті азайту, алдын-алу және анықтау» оқу курсын ұйымдастырды және өткізді.

Оқу курсы «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік оқу орталығында өткізілді.

Оқу курсына Қазақстанның атом саласы ұйымдарының өкілдері қатысты. Оқытуды АҚШ, Ұлыбритания және Эстонияның нұсқаушылары мен сарапшылары онлайн форматта жүргізді.

Курс бағдарламасы шеңберінде қатысушыларға ішкі құқық бұзушының қауіп-қатерін қорғау, алдын алу және азайту, адам ресурстарының өнімділігін жақсарту, қызметкерлердің сенімділігін арттыру бағдарламаларының маңыздылығын түсіну шаралары бойынша мәселелер түсіндірілді. Курс барысында практикадан әртүрлі жағдайлар қарастырылды, қызметкерлердің іс-әрекеттерін талдау және бағалау бойынша практикалық сабақтар өткізілді, әрбір жағдай бойынша салдарлар мен қорытындылар бағаланды.

Оқу курсы қатысушыларға ішкі құқық бұзушының қауіп-қатері, онымен байланысты тәуекелдер, қорғауды арттыру бойынша шаралар қажеттілігі туралы терең түсінік алуға мүмкіндік берді.