Жылыту маусымына дайындық барысы қаралды

Жылыту маусымына дайындық барысы қаралды

Ағымдағы жылғы 18 маусымда Комитет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұлттық компанияларының және энергия кәсіпорындары басшыларының қатысуымен 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша салалық селекторлық кеңес өткізді.

Кеңесте энергия кәсіпорындарының негізгі жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, жеткізілген отын үшін берешектерді өтеу мәселелері, сондай-ақ энергия көздерінде отынның нормативтік қорын қолдау жөніндегі мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне және энергия кәсіпорындарының басшыларына:

- электр станцияларында, электр желілерінде барлық жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындау;

- тиісті сапаны және тиісті бақылауды сақтай отырып, жөндеу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру;

- жеткізілген отын үшін берешекті өтеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

- негізгі жабдықты жөндеуден шығару және пайдалануға беру мерзімдерін бақылау;

- жұмыстардың өндірістік қауіпсіздігі шараларын күшейту;

- электр станцияларында электр энергиясын өндіру/тұтыну режимін сақтау;

- алдағы күзгі-қысқы кезеңнің басталуына дейін энергия көздері қоймаларында отынның нормативтік қорын қамтамасыз ету;

- коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың кредиторлық берешегін төмендету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.