Тұтастай алғанда, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясының және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатар штаттық режимде жұмыс істейді.
2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы маусымда елдің тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтау үшін Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің 2021 жылға бекітілген кестесіне (бұдан әрі - Кесте) сәйкес 8 энергия блогына, 48 энергетикалық қазанға және 49 турбинаға күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеулер жүргізу көзделген. Ағымдағы жылғы маусым айының басында Кестеге сәйкес 6 қазанда және 7 турбинада жұмыстар аяқталды. Жөндеудің әртүрлі кезеңінде 4 энергия блогында, 16 қазанда және 20 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар негізінен Кестеге сәйкес жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін жалпы ұзындығы 20 464,56 км электр беру желілерін, сондай – ақ 462 бірлік қосалқы станцияларды, 4325 бірлік РП, ТП, КТП жөндеу жоспарланған.
2021 жылғы 4 маусымдағы жағдай бойынша 2 935 км электр беру желілеріне, бұл жыл жоспарына 14%-ды құрайды, сондай-ақ 89 қосалқы станциясына, бұл жыл жоспарына 19%-ды және 618 РП, ТП, КТП-ға, бұл жыл жоспарына 14% - ды құрайды, жөндеу жүргізілді.
Комитет энергия кәсіпорындарының алдағы жылыту маусымына дайындық барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.