Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің арасындағы ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдікті қолдану туралы келісімнің 70 бабына сәйкес 2021 жылғы 29-30 сәуір кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласында және Степногорск қаласында АЭХА инспекторлары қысқа мерзімді хабарламамен инспекция өткізді.
АЭХА инспекторлары ҚР ЭМ АЭҚБК-мен бірлесіп 2021 жылғы 29 сәуірде ҚР ДСМ ССК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК (Нұр-Сұлтан қ.) инспекция өткізді.
2021 жылғы 30 Сәуірде АЭХА инспекциясы «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС кәсіпорнында өтті (Степногорск қ.).
2021 жылғы 29-30 сәуір аралығында жүргізілген инспекция барысында АЭХА инспекторлары тарапынан бұзушылықтар анықталған жоқ.