«Ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениеті» оқу семинары бойынша баспасөз релизі

«Ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениеті» оқу семинары бойынша  баспасөз релизі

2021 жылғы 18-20 мамырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті АҚШ Қорғаныс Қауіп-қатерді азайту агенттігімен «Жаһандық ядролық физикалық қауіпсіздік» бағдарламасы аясында «Ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениеті» оқу семинарын ұйымдастырды және өткізді.

Семинар Ядролық физика институтының ядролық қауіпсіздік оқу орталығында өткізілді.

Семинарға Қазақстанның атом саласы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинар ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениетінің негіздері бойынша кіріспе курс болды. Сабақтарды АҚШ, Ұлыбритания және Индонезия сарапшылары онлайн-форматта өткізді.

Семинар барысында ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениетінің базалық компоненттері мен сипаттамалары бойынша шолу берілді, Индонезияның біліктілікті арттыру орталығының қауіпсіздік мәдениетін бағалау және енгізу бойынша тәжірибесіне шолу, сондай-ақ Ұлыбританиядағы қауіпсіздік мәдениетінің жай-күйіне шолу жасалды. Ядролық физикалық қауіпсіздік пен техникалық қауіпсіздік мәдениетінің өзара байланысы мәселелері қарастырылды. Қауіпсіздік мәдениеті саласындағы түрлі зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Сондай-ақ, көшбасшы мен басшы арасындағы айырмашылық, ішкі тәртіп бұзушы қатері мен қауіпсіздік мәдениетін қамтамасыз ету арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.

Оқу семинары қатысушыларға ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениетінің компоненттерін жергілікті жерлерде енгізу және орындау маңыздылығы мен қажеттілігі туралы білім алуға мүмкіндік берді.