«Радиоактивті көздерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті тексеру» Оқу курсы бойынша пресс-релиз

«Радиоактивті көздерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті тексеру» Оқу курсы бойынша пресс-релиз

АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің радиологиялық қауіпсіздік офисінің және Окридж ұлттық зертханасының (ОРҰЗ) қолдауымен ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (АЭҚБК) 2021 жылы 12-14 мамыр  аралығында Алматы қаласында «Радиоактивті көздерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті тексеру» тақырыбында оқу курсын ұйымдастырды және өткізді.

Оқу курсы Ядролық физика институтының Ядролық қауіпсіздік бойынша оқу орталығында өткізілді.

Оқу курсына Қазақстанның атом саласы ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ шекара қызметінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Төтенше жағдайлар  министрлігі, ҚР Энергетика министрлігінің және ҚР ЭМ АЭҚБК  қызметкерлері қатысты.

Оқу курсы теориялық және практикалық сабақтардан тұрды. Теориялық сабақтарды американдық сарапшылар ZOOM – платформасын пайдалану арқылы онлайн режимінде өткізді. Теориялық материалдардың негізгі аспектісі радиоактивті материалдарды тасымалдау кезінде сенімді инспекциялық бағдарламаны әзірлеу және жүргізу әлеуетін арттыру болды. Практикалық сабақ барысында тыңдаушылар радиоактивті көздерді тасымалдауға арналған автомобиль көлігіне инспекция жүргізді.