«Инструкторларды базалық даярлау» оқу курсы – Пресс -релизі

«Инструкторларды базалық даярлау» оқу курсы – Пресс -релизі

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің «Жаһандық ядролық физикалық қауіпсіздік» бағдарламасы шеңберінде ҚР ЭМ АЭҚБК 2021 жылғы 12-16 сәуір аралығында Алматы қаласында «Нұсқаушыларды базалық даярлау»тақырыбында оқу курсын ұйымдастырды және өткізді.

Оқу курсы Ядролық физика институтының ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында өткізілді.

Оқу курсына Қазақстанның атом саласы ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері қатысты.

Оқу курсы теориялық және практикалық сабақтардан тұрды. Теориялық сабақтарды американдық сарапшылар ZOOM – платформасын пайдалану арқылы онлайн режимінде өткізді. Теориялық материалдардың негізгі аспектісі ересек тыңдаушыларды оқытудың ерекшеліктері, оқу процесін дамыту, сондай-ақ нұсқаушы шеберліктің әдістері мен тәсілдері болды. Практикалық сабақтар барысында тыңдаушылар еркін тақырыпта презентациялар дайындау бойынша тапсырмаларды орындады. АҚШ нұсқаушылары әр тыңдаушымен жеке талдау жүргізді және жақсарту бойынша ұсыныстар берді.

Курс соңында тыңдаушылар өз презентацияларын көрсетіп, оқыту нұсқаушылары рөлінде сөз сөйледі.