«Ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы инспекцияны жүргізу» оқу курсы – пресс-релизі

«Ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы инспекцияны жүргізу» оқу курсы – пресс-релизі

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің «Жаһандық ядролық физикалық қауіпсіздік» бағдарламасы шеңберінде ҚР ЭМ АЭҚБК 2021 жылғы 15-19 ақпан аралығында Алматы қаласында «Физикалық ядролық қауіпсіздік саласында инспекция жүргізу» оқу курсын ұйымдастырды және өткізді.

Оқу курсы Ядролық физика институтының ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында өткізілді.

Оқу курсына Қазақстанның атом саласы ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері қатысты.

Оқу курсы теориялық және практикалық сабақтардан тұрды. Теориялық сабақтарды американдық сарапшылар онлайн режимінде өткізді. Практикалық сабақтарға тексеруді жоспарлау, сауалнама жүргізу әдістемесі, функционалдық тексерулер жүргізу, есептер мен қорытындыларды әзірлеу, сондай-ақ түзету шараларын дайындау кірді.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар жүргізілген тексерулер бойынша өздерінің есептік материалдарын таныстырды.