Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 құрылысының барысын тексерді

Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 құрылысының барысын тексерді

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні жаңғырту және ЖЭО-3-ті газға ауыстыру жұмыстарының барысын тексерді.

Қаланың негізгі энергия көздерін жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мегаполистің экологиялық жағдайын және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жүзеге асырылуда.

ЖЭО-2-де жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Жобаның жалпы орындалу деңгейі 93,75%-ды құрады, бастапқы бекітілген кестеден артта қалу іс жүзінде жойылды. Технологиялық жабдықтарды жеткізу жұмыстары 100%-ға орындалды.

Қазіргі уақытта станцияда ауқымды іске қосу-баптау жұмыстары және жүйелердің жеке сынақтары жүргізілуде. Негізгі генерациялық жабдықты алдын ала іске қосу 15 қазаннан басталады деп жоспарлануда. Жүйелерді толық интеграциялап, станцияны пайдалануға беру 2026 жылғы желтоқсанның соңына дейін жоспарланып отыр.

ЖЭО-3 алаңында жұмыстар екі ауысымда ұйымдастырылған. Құрылысқа 809 адам және 70 бірлік техника жұмылдырылған. Жобаның жалпы орындалу деңгейі 27,09%-ды құрайды. Іргетасқа алғашқы газ турбинасы мен генератор монтаждалды. Қазіргі уақытта бас корпус пен қосалқы нысандар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар нысанда бекітілген мерзімдерден артта қалу тәуекелдері сақталуда. Тапсырыс беруші және бас мердігер басшылығымен өткен кеңесте Ерлан Ақкенженов мамандарды жұмылдыру деңгейінің жеткіліксіздігіне және материалдарды жеткізудегі кідірістерге назар аударды.

«ЖЭО-3-тегі жұмыс қарқыны елеулі сын тудырады. Логистикадағы қиындықтарға сілтеме жасау қабылданбайды, бұл мәселелерді алдын ала шешу қажет еді. Мердігер жабдық жеткізіліміне қатысты мәселелерді шұғыл түрде шешіп, ауысымдарды мамандармен күшейтіп, бекітілген кестеге сәйкес қарқынды арттыруы қажет. Станцияны тапсыру мерзімі қайта қаралмайды, компания басшылығынан талап жеке тәртіппен қойылады», – деді Ерлан Ақкенженов.

Сапар қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ға және мердігер ұйымдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын тәулік бойы күшейту, жабдықтар мен материалдардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ ЖЭО-3 бойынша орын алған артта қалуды жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.