Шымкент қаласында электр желілерінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласында электр желілерінде күрделі жөндеу  жұмыстары аяқталды

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Шымкент қаласында 2026 жылға жоспарланған электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

2026 жылға 67,968 км электр беру желілерін, 8 қосалқы станцияны, сондай-ақ 48 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын.

Бүгінгі таңда барлық жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды.

Жүргізілген жұмыстар тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және алдағы жылыту маусымында электр желісі инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Комитеттің аумақтық департаменті Шымкент қаласындағы энергетикалық нысандардың жылыту маусымына дайындығына бақылауды жалғастыруда.