Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа нормалар түсіндірілді

Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа нормалар түсіндірілді

2020 жылғы 15 қазан

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің орталық аппараты 2020 жылы                  15 қазанда өз жұмыскерлеріне және оның аумақтық департаменттеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамада қабылданған өзгерістерді түсіндірді.

«Қазір заңнамаға өзгерістер енгізу аясында жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ халықаралық, квазиұлттық және шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларын мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі пайда болды».

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке қайта кіретін адамдар үшін, олардың қызметін бағалау нәтижелері, сынақ мерзімі, аттестаттау нәтижелері немесе теріс себептер бойынша бұрын жұмыстан шығарылған адамдарды қоспағанда, сынақ мерзімін алып тастау туралы айтылды. Сынақ мерзімі кандидаттың лауазымдық міндеттерін орындау мүмкіндігін анықтау үшін белгіленеді.

Мемлекеттік қызметшілердің этикасын күшейту мақсатында ауысу тәртібімен, сондай-ақ ішкі конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметшіде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін алынбаған тәртіптік жаза болған кезде лауазымға орналасуға шектеу енгізіледі.

Сонымен қатар, басшылардың қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жеке жауапкершілігі туралы жаңа енгізілімнің маңыздылығын атап өтті.

Айта кету керек, бұл норма Заңға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша енгізілген. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін отставкаға кету институтын енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Бұдан былай мемлекеттік саяси қызметшілер өздерінің тікелей бағыныстылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда өз еркімен орнынан кетуге міндетті.

«Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бірінші басшы соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін немесе оның тікелей бағынышына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде отставкаға кетуге міндетті».

Сондай-ақ, басшының ұжымдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі өз міндетін жүйелі түрде елемеу жауапкершілігі енгізілді, бұл өзі басқаратын мемлекеттік органда немесе бөлімшеде сыбайлас жемқорлық тұрғысынан қолайсыз жағдайға алып келеді.