
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде энергетика нысандарындағы өндірістік бақылау мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған Комитеттің аумақтық департаменттерінің басшылары мен энергетикалық кәсіпорындардың өндірістік бақылау инспекторлары қатысты.
Кеңес барысында кәсіпорындардағы ішкі өндірістік бақылаудың тиімділігін арттыру мәселелері қаралып, қатысушылар тәжірибе алмасып, технологиялық бұзушылықтардың алдын алудың үздік тәсілдерін талқылады.
Энергетика нысандарын алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау аясындағы өндірістік бақылаудың рөліне ерекше назар аударылды. Жабдықтардың техникалық жай-күйін уақтылы бағалау, жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жылыту маусымының сенімді әрі тұрақты өтуінің маңызды шарты екені атап өтілді.
Өндірістік бақылау – энергетикалық инфрақұрылымының қауіпсіз, сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін негізгі тетіктердің бірі.