
Меритократия қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы лауазымына Салықов Әлібек Жанатұлы тағайындалды.
Әлібек Салықов Сібір мемлекеттік индустриялық университетін «Жылу энергетикасы және жылу техникасы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын энергетика саласында, жылу энергетикасының өндірістік нысандарында бастаған. «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС-да қазандық цехында машинист қызметін атқарған.
2020 жылдан бастап мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүйесінде еңбек етеді. Комитеттің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінде бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.