
Бүгін Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде кезекті аппараттық кеңес өтті.
Күн тәртібінде 1 шілдеден бастап күшіне енетін мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заңның талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері қаралды.
Комитет төрағасы Ержан Ертаев мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заңда мемлекеттік қызметті атқарудың негіздерін бекітілгенін, мемлекеттік қызметшілердің жоғары деңгейдегі адалдығы мен әдептілігін қамтамасыз етуге бағытталған мінсіз бедел институтын енгізу қарастырылғанын атап өтті.
Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне назар аударып, жоғары адалдық және әдептілік стандарттары мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сенімінің негізі екенін айтты.
Сондай-ақ кеңес барысында алдағы жылу беру маусымына дайындық аясындағы энергетикалық инфрақұрылым объектілеріндегі жөндеу науқанының барысы туралы аумақтық департаменттердің есептері тыңдалды. Проблемалық мәселелер мен энергетикалық объектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық департаменттерге нақты тапсырмалар берілді.